Абай облысында 24 жол учаскесі жабылды

Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 24 учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

жол
Фото: ТЖМ

Айта кетейік, бұған дейін күн райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, қарлы боран, көрінудің төменгі көрсеткіші) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы шектелгені туралы хабарлаған едік.