Абай облысында 26 кәсіпорын өңірді дамытуға жұмсалатын қаржыны бөлуден жалтарған

АСТАНА. KAZINFORM - Абай облысында мемлекет кірісіне 105 млн теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды.

қаржы
Фото: Kazinform

Облыс прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылармен лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелер сақталуына талдау жасалды.

Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.

Талдау барысында аталған қаражатты төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды.

Прокуратураның актісі бойынша келісім-шарттарды тиісінше орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.