Абай облысында 3 мыңға жуық суқұзғынды атуға рұқсат берілмек
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында суқұзғындарының өсіп келе жатқан популяциясын реттеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Облыс әкімдігі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде суқұзғындарының өсіп келе жатқан популяциясын реттеу бойынша жұмыс жүргізуде.
«Соңғы уақытта Абай облысында саны артып келе жатқан суқұзғындар күніне 5 тоннаға жуық балық тұтынады. Егер жағдай өзгеріссіз қалса, онда су айдындарының биологиялық тепе-теңдігі мен ихтиологиялық жағдайына елеулі залал келтіріледі. Сондықтан суқұзғын популяциясын реттеудің дереу тиімді әдістері қажет», - деп хабарлады өңір әкімдігінен.
Сондай-ақ олардың өсімдік жанында қалдыратын нәжісінің кесірінен жасыл желек өледі. Өйткені онда азоттың жоғары болуы өсімдіктер үшін аса зиянды.
«Осыған байланысты, 2023 жылы облыстың балық шаруашылығы су айдындарында балық өнімділігін арттыру мақсатында суқұзғындарының санын реттеудің биологиялық негіздемесін әзірлей отырып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Биологиялық негіздемеге сәйкес, 2979 суқұзғында ату арқылы азайту ұсынылады. Бұл құстың жалпы санының 20% құрайды», - делінген ақпаратта.
Енді Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы суқұзғындарының санын қысқарту мақсатында Ертіс өзені, Алакөл және Сасықкөл аумағында құстарды атқызу үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізеді.