Абай облысында 30 адам мас күйде көлік айдаған

полиия
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында ақпан айының 5-інен бері мас күйде көлік айдаған 30 адам анықталды.

Өңір аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтауға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Соның барысында патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4 мыңнан астам фактісін тіркеді. Оның ішінде жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарда 1 277 бұзушылық анықталған.

«80-нен астам адам көлігін тиісті рұқсатсыз түрлендіріп алған. 250 жүргізуші автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланды. 700-ден астам жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпаған», - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Рейд барысында мас күйде көлік тізгіндеген 30-дан астам адам анықталды. Ал 12 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылса да рульге отырған. Бұдан бөлек, 300-ден астам жаяу жүргінші жолдан өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар