Абай облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі тіркелді

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысында жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі анықталды.

Абай облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі тіркелді
Фото: Абай облысы ПД

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің тазалығы мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз етуге «Сергек» бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылып жатыр.

— Биыл камералардың көмегімен ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 600-ден астам дерегі анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі тіркелді. Әр жағдай бойынша ескерту жасау және айыппұл салу түріндегі әкімшілік шаралар қабылданды, — деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында қоқысты белгіленбеген орындарға тастау, қоғамдық аумақтарды ластау және абаттандыру қағидаларын сақтамау бар.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да биыл абаттандыру қағидалары 5 мыңнан астам рет бұзылғаны хабарланған