Абай облысында әкімдікке өтініш жасаған 3 мыңға жуық адамның мәселесі шешілді

Абай облысы
Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында осы жылдың бірінші тоқсанында әкімдікке өтініш жасаған 3 мыңға жуық адамның мәселесі шешілді. Өңір әкімінің аппараты азаматтардың өтініштеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Облыс әкімдігінде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Абай облысы бойынша департаменті және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Онда азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру жайы талқыланды.

«Жиында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Бақытжан Мырзабаев, департаменттің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Айбек Мұратұлы, әкім аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Еркежан Құсайынова баяндама жасады. Осы жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметтерге сүйенсек, облыстың жергілікті атқарушы органдары 8 439 өтінішті тіркеп, оның 5 315-і қаралды», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен. 

Абай облысы
Фото: Абай облысы әкімдігі

Оның ішінде әкімшілік тәртіпте 2 765 мәселе шешілді. Ал оңайлатылған тәртіпте – 2 551 өтінішке ұсыныстар мен жауаптар берілді. Өтініштердің ең көбі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (17,2%), білім беру (16,5%) және ауыл шаруашылығы (11,4%) салаларына қатысты болды.

«Бүгінде «е-Өтініш» порталы арқылы 6 138 өтінішке талдау жасалып, оның 300-іне түсініктеме жауап берілді. Әкім аппаратының жұмыс жоспарына азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, олардың міндеттері мен орындалу мерзімдерін талқылауға қатысты қала мен аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың қызметкерлерімен тоқсан сайынғы кеңестер, семинарлар ұйымдастыру енгізілген», - делінген ақпаратта.

Абай облысы
Фото: Абай облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар