Абай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 210 жұмыс орны ашылды

 Абай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 45 жоба іске асырылып, 210 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Kazinform. 

Абай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 210 жұмыс орны ашылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өтті. Жоба аясында өңір бойынша 77 жоба іске асырылып жатса, соның 45-і мәресіне жетті.

Жиында құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.

«Жобаларды жүзеге асыруға барлығы 9,5 млрд теңге, оның ішінде Ұлттық қордан - 4,2 млрд теңге, облыстық бюджеттен 5,3 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері жүзеге асып жатқан жобалардың аясында 210 жұмыс орны құрылды», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Жоба нәтижесінде 24 әлеуметтік нысан, оның ішінде 7 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 10 спорт және мәдениет нысаны, 1 әлеуметтік қорғау мекемесі пайдалануға берілді. Көлік инфрақұрылымы саласында 33 жоба жүзеге асырылады.