04:10, 14 Қаңтар 2024 | GMT +5
Абай облысында автобус апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар
Абай облысында автобус 17 жолаушымен кюветке «ұшып кетті», 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform.
«Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті», - деді Абай облысы Полиция департаментінен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді. Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген.
Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды.Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.