Абай облысында әйел 30 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Бородулиха ауданында әйел адам қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды.
26 мамыр сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай жолға шыққан 30 жастағы Динара Досымбекова жоғалып кеткен. Бұл туралы полицияға оның анасы хабарласқан еді.
Қыздың денесі 2 маусым күні табылған. Тергеу амалдарын жүргізген тәртіп сақшылары оның анасын күдікті ретінде ұстады.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Бұған дейін Абай облысында жолдан көлік тоқтатып мініп кеткен әйелдің денесі табылғаны хабарланған.