Абай облысында басқарма басшысы прокуратура ұсынысына құлақ аспағаны үшін айыппұл төледі

Прокуратура
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 2022-2023 жылдар аралығында битум сату кезінде монополияға қарсы, салықтық және салалық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Шара Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмысын қамтыды. 

Кәсіпкерлердің жеңілдікпен битум алуға өтінішін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау, сондай-ақ битумды біркелкі бөлуді қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталды.

Осы факті бойынша прокуратура облыс әкімдігіне ұсыныс енгізді.

Алайда, басқарма басшысының м. а. заңдылықтың бұзылуын жоюға шараларды қолданбаған, сонымен қатар қадағалау актісін қарау мерзімін бұзған.

Осыған байланысты оған прокурордың ұсынысы бойынша шара қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБтК 664-бабы бойынша айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар