Қарағанды қаласы мен Абай облыстарындағы мектептер де онлайн форматқа көшті

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды қаласының білім бөлімі 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитынын хабарлады.

 онлайн оқиды
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Ал Абай облысында күннің суығына байланысты кейбір мектеп оқушылары онлайн білім алады.

Атап айтқанда, I ауысымда: Көкпекті ауданындағы 3 мектептің 1-11 сынып оқушылары, 2 мектептің 1-9 сынып оқушылары, Ақсуат ауданындағы 16 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Жарма ауданындағы 8 мектептің 1-4 сынып, 3 мектептің 1-9 сынып, 3 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Бородулиха ауданындағы 26 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Бесқарағай ауданындағы 8 мектептің 1-11 сынып, 2 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

«Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқитынын жаздық.

Сондай-ақ Павлодарда 1 ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды