Абай облысында бірінші ауысым оқушылары үйден білім алады

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Бүгін, 22 қаңтарда Абай облысының кей мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақ онлайн өтеді.  

Абай облысында екі аудан мен бір қаладағы екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
  • Бородулиха ауданындағы 6 мектептің 1-11 сынып оқушылары
  • Көкпекті ауданындағы 15 мектептің 1-11 сынып оқушылары
  • Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары
  • Бесқарағай ауданындағы 1 мектептің 1-11 сынып, 3 мектептің 1-9 сынып, 1 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.