Абай облысында кейбір мектептер қашықтан оқиды

АСТАНА.KAZINFORM - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысындағы кейбір мектептер қашықтан оқуға көшті - деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

боран
Фото: Астана әкімдігі

Абай облысында 2024 жылғы 30 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымда Бородулиха ауданындағы 5 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Бескарағай ауданындағы 5 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.