Абай облысында мектеп бухгалтері 18 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

АСТАНА. KAZINFORM — Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті. 

қаржы жымқырды
Фото: Видеодан алынған скрин

— Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек қызметін атқармаған жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған, — делінген хабарламада.

 Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта келтірілген залал ішінара өтелді.

Бұған дейін Абай облысында 7 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған ұйымның қызметі әшкере болған еді.