Абай облысында өткен IT-фестивальде 90-ға жуық Startup жоба таныстырылды

 Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысында ауқымды IT-фестиваль өтті, деп хабарлайды Kazinform. 

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқушылар мен студенттер арасында IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын «Steam fest «Digital Abai» атты өңірлік IT-фестиваль өтті. 

 Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

 

«Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Іс-шараға Астанадағы CEO Yessen&Co өкілі Азат Есенов, «Нейрондық желілер орталығының» Promt-engineer Даниал Темірханов, Алматыдағы Developer Relations Coordinator for Google Developers (GDG CentralAsia) өкілі Аскар Айтуов, Үндістандағы жасанды интеллектке негізделген техникалық өнім Asambhav менеджері Шрейа Мечта, Семей қаласындағы Freedom Broker компаниясының өңірлік директоры Абзал Аскаров, Abai IT-Valley технологиялық кластерінің директоры Бауыржан Наурызбаев, «Өнер» 3d баспа студиясының жетекшісі Анет Турсынжан, «DR.Web-Орталық Азия» техникалық директоры Артур Шишига шақырылды», - делінген ақпаратта.

Жиынды Абай облысы әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев құттықтау сөзімен ашты. 

 Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

«Бүгінгі IT-фестиваль облыста білім беруді цифрландыруды дамытуға құнды үлес қосатынына және ІТ бағыттың танымалдығының өсуіне ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан осындай фестивальдердің маңызы зор», - деді аппарат басшысы.

«Startup жобалар» бағыты бойынша облыс әкімі грантына үміткер 13 қатысушы өз жобаларын ұсынды. Фестивальда 8 сектор бойынша барлығы 90-ға жуық Startup жоба таныстырылды.

Фестиваль аясында 20 қатысушы 1-орын, 19 қатысушы 2-орын, 18 қатысушы 3-орын иеленсе, арнайы кубокты Семей қаласы мен Жарма, Үржар аудандарынан келген командалар жеңіп алды. 

 Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Айта кетейік, алғаш ұйымдастырылған «Digital Abai» IT-фестиваліне аймақ бойынша 2000-ға жуық қатысушы жиналды. 

 Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар