Бородулиха ауданында өзеннің суы тасып, 50 үйдің ауласына жайылды
СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылында қардың қарқынды еруінен Эра өзенінде су деңгейі көтерілді.
Өзен арнасынан судың шығуы салдарынан Первомай көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ
19 адамды эвакуациялау шаралары жүргізілген болатын, оның ішінде 6 бала бар. Қазіргі таңда барлық тұрғындар үйлерінде.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің, ЖАО, АПБ, орталық аудандық емхананың және АЭС күш-құралдарынан 44 адам және 7 техника жұмыс атқарып жатыр.
Первомай және Болашақ көшелері бақылауға алынған. Үйлерді су баспас үшін инертті материалдар төселуде.
ЖАО Эра өзенінде жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуде, барлығы 400 қап 500 тонна инертті материал төселді.
Төтенше жағдайлар қызметі үйлерді аралап, тұрғын үйлердің су баспауын тексеруде.
Талан-таражға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Бородулиха АПБ патрульдер ұйымдастырды.
«Қазіргі таңда Первомай және Болашақ көшелерінің бойында су деңгейі төмендеп, аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Бородулиха ауданындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда» деп хабарлады облыс әкімдігінен.