01:28, 03 Ақпан 2024 | GMT +5
Абай облысында полиция қызметкерлері өрттің алдын алды
2 ақпанда Абай облысы Полиция департаментінің жылдым қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Әділ Құсман мен Нұрлыбек Менкешев Семейде алаяқтықтың алдын алу үшін азаматтарды аралауға жіберілген, олар үйлердің бірінің 5 қабатында балкон жанып жатқанын байқады.

Пәтерде бойжеткен мен оның кәмелетке толмаған бауыры және сіңлісі болған.
«Полиция қызметкерлері ең алдымен, жанып жатқан пәтердің тұрғындары мен көршілерін эвакуациялады. Содан кейін арнайы жылдам қимылдайтын жасақ жауынгерлері өз өмірлерін қауіпке тігіп, ас үйден газ баллонын шығару үшін пәтерге кірді», — деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Шақырумен келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті оқшаулады.