Абай облысында прокурорлардың арқасында 160 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Бұл туралы Абай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілері заң талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу арқылы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға жоғары бағамен көмір сатып алмақшы болған.

Прокуратура қабылдаған шаралар бойынша сатып алу тоқтатылып, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар көмір өндірушісімен тікелей шарт жасасты. Осылайша 160 млн теңгеден астам қаржы үнемделді. Бұл қаражат кәсіпорындардың қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдеріне жұмсалады.

- Негізсіз бюджет шығындарын қысқарту мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Осыған дейін Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар