Абай облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшы көз жұмды

шахтеры
Фото: Midjourney

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы жағдай болды. Бұл айында KAZ Minerals компаниялар тобы хабарлады.

19 қыркүйек шамамен сағат 14:20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алған. 

Алдын ала себебі — тау-кен массасының опырылуы.

Оның бірі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. Ұйым басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді» дейді компаниядан.

КAZ Minerals Limited – Қазақстанда мыс, мырыш, алтын және күміс өндіретін заманауи компания.

Оның Қазақстан мен Қырғызстандағы өндіріс орындарында шамамен 14 мың адам жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram