Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыға салынды.
Бүгін Абай облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған басқарма басшылары, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Өңір бойынша жемқорлықтың алдын алу – басты назарға қойылған мәселелердің бірі.

«Отырыс барысында денсаулық сақтау саласы мен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың орындалуы туралы мәселелер талқыланды. Қоғам белсенділері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы және азық-түлікті бақылауға қатысты сұрақтарын қойды. Әр сауалға толыққанды жауап беріліп, өзекті тақырыптарға жіті назар аударылды», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Отырыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыным қабылданды.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссия жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізіп, өз жұмысын жалғастырып жатыр.