Абай облысында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

Аман алып қалды
Фото: Абай облысы ТЖД

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысында құтқарушылар Ертіс өзеніне батып бара жатқан қыз баланы аман алып қалды.

«Бүгін Семей қаласында Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 15 метр қашықтықта батып бара жатқан 2012 жылы туған қызды құтқарып, судан шығарды», — деп жазды ведомстводан.

Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар
telegram