Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Жарма ауданындағы Үкілі ауылының тұрғындары ішімдіктен бас тартты.

а
Фото: Абай облысы әкімдігі

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үкілі ауылының тұрғындары ресми түрде «Алкогольсіз ауыл» мәртебесін иеленді. 

- 51 тұрғыны бар, 17 шаңырақтан тұратын елді мекен бүгінде татулық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Тұрғындар алкогольді ішімдіктен саналы түрде бас тартып, қауіпсіз әрі тыныш қоғамдық орта қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Бұл бастама тек құқық бұзушылықтың алдын алуға ғана емес, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ауылдағы береке-бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған, - делінген ақпаратта. 

Аталған игі бастамаға Үкілі ауылының әкімі Әскербек Бердікенов қолдау білдіріп, елді мекен халқының ұйымшылдығына жоғары баға берді.

- Бұл жетістік - бір ғана адамның емес, бүкіл ауыл тұрғындарының ортақ еңбегінің нәтижесі. Біз үшін ең басты құндылық - халықтың амандығы, балаларымыздың жарқын болашағы және ауылымыздың тыныштығы. Осы бағыттағы бірлігімізді сақтап, алдағы уақытта да салауатты өмір салтын бірге насихаттай береміз, - деді ол. 

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбе облысындағы Қияқты ауылының халқы ішімдіктен бас тартқаны хабарланған