Абай облысында ұлттық паркте жұмыс істемеген адам 4 жыл бойы жалақы алып отырған

айлық
Фото: Kazinform

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысындағы ұлттық паркте жұмыс істемеген адам 4 жылда 5,5 млн теңге жалақы алған.

Облыс прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшысының туысын заңсыз жұмысқа алғанын анықтады.

«Белгілі болғандай, ол өз ағасын орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде жұмысқа алған. Ағасы 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алып келген. Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі талабы бойынша сот одан 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақыны өндіру туралы шешім шығарды», - деп хабарлады Абай облысының прокуратурасынан.

Бүгінде сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар