Абай облысында «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өтті

сән
Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM - «НАУРЫЗНАМА» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күніне» орай «Невзоровтар отбасы» бейнелеу өнері музейі алаңында «Облыстық мәдениет және халықтық шығармашылық орталығы» ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өткізілді.

киім
Фото: Абай облысы әкімдігі

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттау және әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін сақтап озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға үйрету болып табылады.

- Бүгінгі іс-шара бәрімізге белгілі еліміздегі биыл бекіген наурызнама тұжырымдамасы аясында өтуде. Бұл жерде тек ұлттық киім ғана емес қаламыздағы қол өнер шеберлерінің әшекей бұйымдары және өз қолдарымен жасаған басқа да бұйымдар көрсетіледі, - деді Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Ерлан Сұлтанов.

жетіген
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы бойынша шығармашылық, эстетикалық және сән дамуының озық мектебі ретінде саналатын «BRILLIANT MODELS» мектебінің негізін қалаушыларымен бірлесіп, үш негізгі «Руна», «Құлыншақ», «Жанна Баймұратова» сән көрсетілімдері ұсынылды.

қобыз
Фото: Абай облысы әкімдігі

Сонымен қатар, іс-шара барысында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншілері Жазира Әзілқияшова, Әділет Серіков, Айгуль Каримова қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап өз өнерлерін көрсетті.

киім
Фото: Абай облысы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар
telegram referendum