Абай облысында зейнеткерді мазақ еткендер ұсталды
Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім-бұзақыны анықтады.
Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды.