Абай облысында жаңа ЖЭС қашан салынады

Абай облысында жаңа жылу электр станциясы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖЭС
Фото: GOV.KZ

«Жаңадан салынатын жылу электр станциясының құрылысы 2026 жылы біту керек. Қазір ол бойынша техникалық негіздеме жасалынып жатыр. Бұрын болған бірақ уақыт өткеннен кейін оған өзгерістер енгізу керек болды. ЖЭС салуды «Самұрық-Энерго» компаниясы тегін жүзеге асырып жатыр», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев Jibek Joly телеарнасының эфиріндегі Ерболат Мұхамеджанның «Уәде» бағдарламасында.

Әкімнің айтуынша, жылу электр станциясы мемлекет қаражатына салынбайды.

«Бірақ ЖЭС әкімдіктің балансында болады. Станцияның электро қуаты 360 мгб. Жалпы жылу маусымына дайынбыз. Биыл ол 15 қазаннан басталады», - дейді ол.

Бұған дейін Абай облысының әкімі биылғы бюджет туралы сөз еткен еді. 

Одан бөлек, Н. Уранхаев Алакөлде биыл туризмнен 1 млрд теңге салық түсетіндігі туралы мәлім етті.

Сондай-ақ, өңір басшысы Семей қаласының бас жоспары әзірленіп жатқанын айтты. 

Қазақстанда өндірістік жарақат 5 жылда 8,3%-ға азайды
Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда өндірістік жарақаттар тау-кен металлургия саласында жиі тіркеледі