Абай облысындағы ауылдарда спорт кешендерінің саны артып келеді

спорт нысаны
Фото: Абай облысы әкімдігінен

 Абай облысындағы ауылдарда дене шынықтыру және спорт кешендерінің қатары жыл санап артып келеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Биыл Ақсуат ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында дене шынықтыру және спорт кешені ашылды. Қазіргі таңда кешенде балалар мен жастар спортпен белсенді түрде айналысып жүр.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, кешеннің құрылыс алаңы - 1033,40 шаршы метр. Нысан ішінде бокс, волейбол, жүзу, тау спорты және қол күресі бөлімдері бар. Бұл бөлімдер барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған.

«Дене шынықтыру және спорт кешенінің функционалдығы әртүрлі спорт түрлерін қамтиды, яғни кешенде бокспен 60 оқушы, волейболмен 56 оқушы, гір көтеруден 14 оқушы, жүзуден 60 оқушы, қол күресінен 28 оқушы жаттығады. Кешен аз ғана уақыт ішінде балалар мен жастардың дамуына мүмкіндік жасайтын орталыққа айналды», - делінген ақпаратта.

Жалпы, 2023 жылы Абай облысында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңір бойынша барлығы 1250-ге жуық спорт кешені бар.

Соңғы жаңалықтар