Абай облысындағы фермерлерге жеңілдетілген несиелерге қосымша 8 млрд теңге бөлінді

трактор в поле далада трактор
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысындағы фермерлер үшін жеңілдетілген несиелерге қосымша 8 млрд теңге бөлінді.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір шаруаларына жылдық 5% несие қолжетімді. Аграрлық несие корпорациясының өңірлік филиалы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды жалғастыруда. Осы мақсаттарға қолда бар 1,3 млрд теңгеге қосымша 8 млрд теңге бөлінді.

Бұл ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында және Үкіметтің қолдауымен ұйымдастырылуда. Жалпы еліміз бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру 300 млрд теңгеге ұлғайтылған. Фермерлерді қаржыландырудың жаңа шарттары бұрынғыдан өзгеше, бұл механизм фермерлер үшін бірқатар маңызды мәселен3 шешеді.

Біріншіден, қарыз алушылар жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді фермер қосымша жұмыстарсыз арзандатылған мөлшерлемені алады. Екіншіден, кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу қарастырылған. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша фермерлердің қарыз сомасының 85 %-ы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.

«Егер бұған дейін несиелер қысқа мерзімге берілсе және оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қаржыландыру орта мерзімді. Өтеу мерзімі ұлғайтылды. Бүгінде қарыздардың 50 % өтеу 1 желтоқсанға дейін, қалған 50 % – келесі жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады. Бұл фермерлерге егінді неғұрлым тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Аграрлық несие корпорациясының өңірлік филиалынан. 

Кеңес алу және несиеге өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалына (Қ.Мұхамедханов көшесі, 23а) жүгіну қажет. Байланыс телефондары: 8-701-006-17-22, 8-701-006-17-23.

Соңғы жаңалықтар