Абай облысындағы мектеп түлегі үздік сарбаз аттанды

АСТАНА. KAZINFORM — С. Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы қарсаңында Халықаралық «Айбын» әскери патриоттық жастар жиыны өтті. Оған 6 мемлекеттен 700-ден аса жас сарбаз қатысты.

 Олжас Самархан
Фото: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі

Абай облысының мектеп түлегі Олжас Самархан 750 қатысушының ішінен топ жарып, «Жылдың үздік жас сарбазы» атанды.

«Олжас — Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназияның биылғы түлегі. Ол Абай облысының „Абай қырандары“ командасында өнер көрсетіп келеді. 9-сыныптан бастап АӘД мұғалімі Серік Түсіповтің тікелей жетекшілігімен „Жас қыранға“ қабылданды», — деп жазды өңірдегі білім басқармасынан.

Облыстық, республикалық сайыстарда көп жетістікке жетті: «SMART SARBAZ» — І орын, «Айбын дарыны» — І орын, Ак-74 қаруын толық емес бұзып-жинақтаудан — І орын, ОЗК киюден — І орын, кермеге тартылудан — ІІ орын.

Олжас Самархан — Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің төрт жылдық грант иегері. Сондай-ақ робототехникадан Индонезияда өткен халықаралық чемпионатта үлкен жетістікке жетті.

Соңғы жаңалықтар