Абай облысының білім басқармасы басшының міндетін атқарушы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысы әкімінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №131-жқ өкімімен Абай облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Туленов Бауржан Алтаевич тағайындалды. Бұл туралы Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Туленов Бауржан Алтайұлы 1979 жылдың 21 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязево ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2000 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Жаркен орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 2025 жылға дейін түрлі қызметтер атқарды.
2002–2006 жылдары Шал ақын ауданы Қазақ тірек мектебінде физика пәні мұғалімі, 2006–2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған Абу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернатында физика пәні мұғалімі, кейін ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Николаев орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, кейін осы мектептің директоры, Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика пәні мұғалімі, Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Қызылжар ауданының Қызылжар Абай орта мектебінің директоры.
Тағайындалған дейін Астана қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM мектебінің директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы 28 сәуірден бастап Абай облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметіне кірісті.
Жалпы еңбек өтілі - 24 жыл.
Айта кетелік Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалған еді.