Абай облысының Қаржы басқармасында жаңа басшы

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы лауазымына Гүльфайрус Серікболова тағайындалды.

Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Гүльфайрус Сәкенқызы 1975 жылы 12 шілдеде бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Алматы экономикалық және статистикалық академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1995 жылы Жарма аудандық телекоммуникация торабының есепші маманы болып бастаған.

2001-2002 жылдары Жарма ауданы Солнечный ауылындағы ОВ 156/21 мекемесінің инспекторы болды. 2003-2005 жылдары – Жарма ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы. 2005-2009 жылдары Жарма аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі.

2009-2011 жылдары – Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2011-2015 жылдары – Жарма ауданының қаржы бөлімінің басшысы. 2015 жылдың сәуір-маусым аралығында – Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2015-2016 жылдары – Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары. 2016 - 2022 – жылдары Жарма ауданының қаржы бөлімі басшысы.

2022 жылдың 23 тамызынан бастап осы уақытқа дейін Абай облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Еске салсақ, бұған дейін Қанат Шарлапаевтің Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар