Абай облысының құтқарушылары автожолдан 4 адамды құтқарды

МЧС
Фото: ТЖМ

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Бүгін таңғы сағат 6.00-де 112 пультіне "Алматы-Өскемен" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылғаны және адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті.

«Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ақаулы жеңіл автокөліктен 4 адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді», — деп жазды ТЖМ-нан.

Медициналық көмек қажет болмады.

Соңғы жаңалықтар