Абай облысының тұрғыны 49 рет жол ережесін бұзып, 1,2 млн теңге айыппұл арқалаған

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысы полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 49 рет жол ережесін бұзып, 1,2 миллион теңге айыппұлға ие болған Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісін ұстады. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті.

көлік
Фото: Видеодан скриншот

«Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін жиі бұзған жүргізуші анықталды.

Заң талаптарын елемегені үшін оның көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды.

— Полиция қызметкерлері жол ережелерін жүйелі түрде бұзу жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Ережелерді өрескел бұзушыларға қатысты көлікті тәркілеуге дейінгі қатаң шаралар қолданылады, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Абай облысының халқы көмір бағасының қымбаттығына шағымданғаны анықталды.