Абай облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – 8 тамызда Семей қаласының №2 соты Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г.Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р.Садықовқа және Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А.Нұрахметоваға қатысты үкімін жариялады.
«Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», — деп жазды Антикордан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.