Абай облысынан Сенат депутаттығына ең көп дауыс жинаған кандидаттар кім

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Абай өңірінен екі кандидат сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Үміткерлердің бірі 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттың, екіншісі 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттың өкілеттік мерзіміне. Жалпы облыс бойынша 11 адам депутаттыққа өз кандидатурасын ұсынған.

Бүгін өткен сайлауда ең көп дауыс жинаған кандидаттар – Бақытжан Байахметов пен Айнұр Арғынбекова. Абай облысында таңдаушылардың жалпы саны 127 адам болса, оның 112-сі бюллетень алып, өз таңдауын жасаған.

Үміткерлердің жинаған дауыс саны: Бақытжан Байахметов – 91, Айнұр Арғынбекова – 7, Анжела Маслова – 6, Мейрамгүл Әбілғазинова – 1, «Бәріне қарсымын» белгісін таңдағандар жоқ, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 7.

Айта кетейік, Бақытжан Кәкенқажыұлы Семей қаласының әкімі лауазымын атқарады, ал Айнұр Серікпайқызы «Қайнар» жоғары колледжінің директоры болып жұмыс істейді.

Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жаңадан құрылған 3 облыстан сенаторларды сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялаған болатын.



Соңғы жаңалықтар