Абай облысында 2 ауылдың көшелері кеңестік кезеңдегі атауларынан арылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысының Бесқарағай ауданындағы Малая-Владимировка және Бозтал ауылдарының көшелері кеңестік кезеңдегі орысша атаулардан арылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған округ әкімінің шешімінде Малая-Владимировка ауылының «Ленин» көшесі «Шәкәрім Құдайбердіұлы» көшесі;

Малая-Владимировка ауылының «Крупская» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесі;

Малая-Владимировка ауылының «Киров» көшесі «Аманат» көшесі;

Малая-Владимировка ауылының «Калинин» көшесі «Достық» көшесі;

Малая-Владимировка ауылының «1Май» көшесі «Ақсу» көшесі;

Бозтал ауылының «Ленин» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесі;

Бозтал ауылының «Атау жоқ» көшесі «Атамұра» көшесі;

Бозтал ауылының «Атау жоқ» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесі;

Бозтал ауылының «Атау жоқ» көшесі «Бауыржан Момышұлы» көшесі;

Бозтал ауылының «Атау жоқ» көшесі «Мәншүк Мәметова» көшесі;

Бозтал ауылының «Атау жоқ» көшесі «Роза Бағланова» көшесі деп қайта айтылатындығы жазылған.

Құжат 25 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шыарылып отыр. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар