Абай облысында 5 700 балаға арналған 11 мектеп салынады
«Жайлы мектеп» жобасы аясында жуырда облысымыздың Семей қаласында 1800 орынға арналған 2 мектеп, Аягөз қаласында 600 орынға арналған 1 мектеп, Ақсуат пен Бесқарағай аудандарында 300 орындық білім беру орындарының құрылысы басталады. Сондай-ақ, Жарма ауданының Т.Хасенұлы атындағы орта мектепке жылу қазандығы салынады. Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылында балалар лагерінің құрылысы басталады. Осы жылға білім беру нысандарының 14 жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы бөлінді», - деді Айдын Қуатжанұлы.
Оның айтуынша, облыс аумағында тағы да 5 700 орынға шақталған 11 мектептің құрылысы жоспарланып отыр.
«Облысымызда 5700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарда. Атап айтқанда, Семей қаласында – 3600 орындық 5 мектеп, Аягөз ауданында – 900 орындық 2 мектеп, Ақсуат ауданында – 2 мектеп. 600 орындық мектептер, Бесқарағай және Жарма аудандарында– 300 орындық 1 мектеп салынады», - деп бөлісті басқарма басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында 9 мыңға жуық оқушыға орын жетіспейтінін жазып едік.