Абай облысында Алакөлге жолаушылар тасымалы ұйымдастырылады

None
АБАЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында жазғы кезеңде Алакөл көліне жолаушылар тасымалы ұйымдастырылады. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков кеңейтілген кеңес барысында мәлім еткендей, қазір Үржар ауданының Алакөл көлінің жағалауында су бұру каналын салу үшін жерлерді құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көл жағалауын электрмен жабдықтау мәселесі де шешілуде. Сараптама қорытындысы алынды. Жобаларды іске асыру жағы қарастырылып жатыр.

Жазғы кезеңде Алакөл көліне жолаушылар тасымалы ұйымдастырылады: бұған дейінгідей желіде 4 автобус болады. Сондай-ақ «Семей-Жалаңашкөл» станциясы теміржол маршрутына қызмет көрсетуге тендер өткізілді. Оның жеңімпазы «Жолаушылар тасымалы» АҚ болып айқындалды. Биыл құрамына 5 вагон енген пойыз аптасына 3 рет қатынайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында Алакөл көлін дамыту бойынша жол картасы жасалды. Оған 40-қа жуық шара енді.


Соңғы жаңалықтар