Абай облысында алдына бала отырғызып көлік айдаған кәсіпкер айыппұл төлейді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында кішкентай қызды алдына отырғызып, көлік жүргізген 58 жастағы ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото:t.me/POLICE_of_KZ

Еске сала кетейік, жақында бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, кәсіпкер Григорий Пинчуктың алдына бала отырғызып, көңіл айдаған видеосы жарияланды.

Онда жазба авторы бұл әрекеттің заңсыздығын әрі қауіпті екенін тілге тиек еткен.

Осыған байланысты Абай облысының полициясы шара қабылдады.

Porsche автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісіне жолаушы мен жүк тасымалдау ережесін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұл құқық бұзушылық 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.


Соңғы жаңалықтар