Абай облысында бір күнде жолда қалған 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында соңғы тәулікте жолда қалған 65 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысында бір күнде жолда қалған 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте апаттық-құтқару жұмыстары «Өскемен-Қалбатау», «Көкпекті-Биғаш», «Семей-Алматы», «Семей-Қарауыл», «Семей-Өскемен», «Семей-Қайнар», «Қалбатау-Көкпекті» тасжолдарының учаскелерінде жүргізілді.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 25 адам және 7 техника жұмылдырылған. Өңір бойынша барлығы жолда қалған 65 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала бар. Қар құрсауында қалған 20 көлік шығарылды», - делінген ақпаратта.

Автокөлік жолдарының ашылуы мен жабылуы туралы ақпаратты 8 (701) 532 95 58, 8 (701) 618 32 31( «Семей Жолдары» ЖШС, облыстық маңызы бар жолдарға қатысты) және 8 (7232) 26-28-08 («ҚазАвтоЖол ҰК»АҚ, республикалық маңызы бар жолдарға қатысты білуге болады. Қандай да бір қиын жағдайға тап болсаңыздар «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.


Фото: Абай облысы әкімдігі