Абай облысында екі өрт сөндіру бекеті ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысының Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекеті ашылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов облыс тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысында екі өрт сөндіру бекеті ашылады

2025 жылға дейін өңірде осындай тағы 14 бекет құру жоспарланған.

«Қосымша, өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде баламалы тәртіпте 150-ден астам ерікті құралым мен 50-ден астам өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар қажетті техникамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған», - деді министр.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысының халқымен кездесу өткізді. Онда министр жыл басынан бері Абай облысының құтқарушылары үш жүзден астам адамды құтқарғанын айтқан еді. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жалпы, өңірде бес жүзден астам төтенше жағдай тіркелген.