Абай облысында ірі есірткі тобы ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 10 қыркүйек күні аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен бір топ жас жігіт ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. ІІМ-не сілтеме жасап.

Абай облысында ірі есірткі тобы ұсталды

Полицейлер елді мекеннен 25 км қашықтықта шамамен 8,5 га болатын күнбағыс егілген алқапты тауып, есірткі сатушылардың оның ортасында қарасора бұталарын өсіргенін анықтады.

Ұсталған 11 адамның 8-і еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары болып шықты. Олардан 104 келіге жуық марихуана, 2000-нан астам қарасора бұталары, бұрын ұрланған деп жарияланған 2 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.