Абай облысында қарағайдан жазылған жазу ғарыштан да көрінеді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бесқарағай – мәңгі жасыл қарағайлы орманды жер. Оны тіпті аудан атының өзі айтып тұр. Реликті қарағайлы орманның бұтақтары бес тәуелсіз орманға бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал 2015 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бөкебай филиалының мамандары қарағайдан көз тартарлық орын жасапты.
Қарағайлы ауылының іргесіндегі мемлекеттік орман қорының шекарасындағы бос жерге орманшылар 50 мың түп көшет отырғызды.
Қарағайлар өсіп, «ҚАЗАҚСТАН-2050» жазуы аспаннан анық көрінетін болды.
Жазудың жалпы ұзындығы - 1200 м, әрбір қылқан жапырақты «әріптің» биіктігі 70 м, ені 50 м.
«Қарағайдың қолтаңбасын» биіктен көруге болады.
Жазудың ауқымды болып шыққаны сонша, оны ғарыш станцияларының терезелерінен де көруге болады.