20:24, 23 Тамыз 2023 | GMT +5
Абай облысында жол бойынан табылған адамды кім өлтіріп, қашып кеткені белгілі болды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының Көкпекті ауданында жол-көлік оқиғасы ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
5 тамыз сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің «Береговой» учаскесінен белгісіз адамның мәйіті табылды.
Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады.
Ол мас күйінде «SUBARU LEGACY» маркалы автокөлік тізгінінде 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Фото: Абай облысы ПД Фото: Абай облысы ПД