04:25, 20 Шілде 2023 | GMT +6
Абай облысындағы екі ауылдың маңында құрғақ шөп өртенді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Семей Орманы» МОТР Беген филиалының операторынан өртке қарсы қызметіне Рамазан және Өндіріс ауылдарының арасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті, деп жазды ҚазАқпарат.
Оқиға орнына дереу ЖАО, «Семей Орманы» МОТР және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
«Мамандар келгеннен кейін ашық аумақта 12 гектар құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Күштер мен құралдардың жедел ден қоюының арқасында өрт оқшауланып, қысқа мерзімде сөндірілді», - деп мәлімдеді ТЖМ-нан.
Өртті сөндіруге барлығы 16 адам және 6 техника жұмылдырылды.
Абай облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.