Абай облысындағы көлік апатынан бір адам қаза тапты
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 11 желтоқсан күні кешке Абай облысы Бородулиха - Жезкент тас жолының 28/21 шақырымында Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қарсы беттегі Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla жолаушысы алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды.
Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ