Абай облысындағы құрғақ шөптің өрті сөндірілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысы Бесқарағай ауданында шөптің жануы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысындағы құрғақ шөптің өрті сөндірілді
Фото: t.me/qr_tjm

«Бүгін сағат 17-23-те Бесқарағай ауданындағы құрғақ шөптің өрті толығымен сөндірілді.

Өртенген учаскенің ауданы 4,5 гектарды құрады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД, ЖАО және «Семей Орманы» МОТР 30 адамы және 7 техникасы қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін аймақта құрғақ шөп өрті тіркелгенін жазған болатынбыз.