Абай облысындағы өрт салдарынан жабайы аңдардың қырылуы туралы нақты мәлімет жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысында жануарлар әлемінің қазіргі жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда Абай облысында алапат орман өрті салдарынан жануарлардың қырылуы туралы нақты мәлімет жоқ. Өңірдің биоалуандығына қатысты шығын көлемін бағалау жұмыстары өрт толықтай сөндірілген соң жүргізіледі. Популяцияның қазіргі жағдайы мен олардың қаншалықтың сақталғаны жөніндегі ақпарат өртке қарсы шаралар аяқталып, орман өртінің салдары бағаланған соң ұсынылады»,-делінген хабарламада.