Абай облысындағы өртті сөндіруге 4 тікұшақ тартылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Видеодан алынған кадр

ТЖМ төтенше жағдайды ауыздықтауға Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылғанын мәлімдеді.

«4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр М.Күлдіков жіберілді», - деп жазды ведомстводан.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.


Соңғы жаңалықтар