Абай облысының кейбір аудандарында сабақ қашықтан өткізіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Абай облысының кейбір аудандарында оқушылар сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Абай облысының кейбір аудандарында сабақ қашықтан өткізіледі

«9 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Курчатов қаласы, Бесқарағай, Аягөз аудандарында да сабақ қашықтықтан өтетін болады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазгидромет» осыған дейін қаңтар айында күн суытатынын хабарлаған болатын.